spot_img
Жұма, Қараша 27, 2026
0.2 C
Kokshetau

Карантин: Құдалық өткізген мейрамхана иесіне 300 мың теңге айыппұл салынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Жарқайың ауданында карантин кезінде құдалық өткізген мейрамхана иесі әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды «Aqmola News» тілшісі облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Жарқайың аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына аудандық полиция бөлімінен Державинск қаласындағы «Ажар» мейрамханасында көпшіліктің жиналуымен іс-шара өткізілгендігі туралы іс материалдары түсті. «Осыған байланысты жеке кәсіпкердің үстінен ҚР ӘҚбК 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік заңбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Яғни, 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік шара қолданылды. Айыппұл көлемі қысқартып айтқанда 319 470 мың теңгені құрады», – дейді ведомстводан.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сайлауға дайындық заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіліп жатыр

Сайлау науқаны «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ұйымдастырылуда. Орталық сайлау комиссиясы сайлау үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика