spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Атбасар ауданында өрттен бір отбасының үш баласы қаза болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Атбасар ауданының Хрущевка селосында жер үйден өрт шығып, үш бірдей бала жантәсілім етті, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Өрт шыққан үйде бес балалы көп балалы отбасы тұрып жатқан.

Өрт таңғы 5.19 шыққаны туралы Атбасар аудандық №4 өрт сөндіру бөліміне хабарлама түскен. Бірден оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жаудың 100 шаршы метрді шарпығанын анықтаған.

Атбасар қаласының №4 өрт сөндіру бөлімі мен өрт тұтанған үйдің арасы 25 шақырым болды. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше 40 және 41 жастағы балалардың ата-аналары мен 16 және 8 жастағы балалары үйдің терезесін бұзып шығып үлгерген.  Өрт сөндіру кезінде үйдің төбесі құлап түскен. Таңғы сағат 6.40-та өрт ауыздықталып, 8.25 болғанда толықтай сөндірілді. Өкінішке орай 15 жасар, 13 жне 12 жастағы балаларды құтқарып қалу мүмкін болмаған. Өрт сөндірушілер олардың тек мүрделерін алып шықты, – деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

Өрт сөндіруге барлығы 12 жеке құрам сарбазджары мен мен 2 өрт сөндіру техникасы, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының 3 техникасы және басқа да ұйымдардың қызметккерлері жұмылдырылған. Қазір оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда. Өрттың шығу себептері анықталып жатыр. Көкшетау қаласына өрт зертханасына сырамалар жіберілді – деп толықтырды төтенше жағдайлар департаментінен.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img