spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмолада бір күнде екі жүзден астам адам карантин талаптарын бұзды

Сондай-ақ...оқыңыз

28 шілде күні санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мен полиция қызметкерлері жасаған рейд барысында екі жүзден астам заңбұзушылықтар анықталған, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Карантин талаптарының бұзылу фактілерінің басым бөлігі Көкшетау қаласында анықталған.

 

Сондай-ақ, Ақкөл, Бурабай және Зеренді ауданында санитарлық талаптардың бірқатар нысандарда орындалмағаны белгілі болды.

Рейд қорытындылары барысында полиция қызметкерлері ақмолалықтардың аса жиі бұзатын карантин талаптарын атады. Әсіресе маска тақпау көшеде жүру фактілері көбейген. Облыс бойынша мұндай 194 факт анықталды. Сонымен қатар сауда нысандарында дезинфекциялық құралдардың болмауы, медициналық қолғап кимей сату сияқты бекітілген санитарлық нормалар сақталмаған, – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Мәселен Көкшетау қаласында жергілікті асханалардың бірінде асхана қызметкері клиенттерді жеке қорғаныс құралдарынсыз қызмет көрсеткен. Полиция тексерісті жұрт көп жиналатын түскі үзіліс кезінде жүргізген. Дәл сол күні криминалды полиция қызметкерлері облыс орталығында тоғыздан кейін көңіл көтеру орындарының бірі жұмыс істеп жатқанын анықтаған. Түнгі бірлер шамасында болған тексеріс кезінде қызмет көрсетушілермен бірге 20-дан астам адам адам дәмханада болған. Дәмхана иесі Көкшетау қаласының тұрғыны екені анықталды.

Барлық заңбұзушылық фактілері бойынша полиция өкілетті органға әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425 бабы бойынша материалдар жолдады. Полиция аталған бапқа сәйкес жеке тұлғаларға 30 АЕК ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 230 АЕК дейін айыппұл қарастырылғанын ескертеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img