spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысында кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне үгіт науқаны өтуде

Сондай-ақ...оқыңыз

25 шілдеден бастап еліміздің кәсіпкерлер палаталарына кандидаттарды іріктеуге үгіт жұмыстары басталып кеткен. Шара 4 тамызға дейін жалғаспақ. Бұл кезеңде кандидаттардың өтінімдері де қабылдау қарқынды түскен. Ақмола облысында барлығы 72 өтінім беріліп, оның ішінде барлық «Атамекен» ҰКП талаптарына сәйкес келген 62-і өтінім мақұлданған, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап. 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Өтінімдердің басым бөлігі жеке кәсіпкерлер , шаруа қожалықтары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің өкілдерінен түскен.  Әсіресе, орта және ірі бизнес субъектілерінен түскен өтінім саны басқаларынан көш ілгері болған.  Атап айтқанда, орта кәсіпкерлік нысандарынан 30, шағын бизнес өкілдерінен 23 және ірі бизнес саласындағылардан 9 өтінім қабылданған.

Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше қазіоргі уақытта үгіт науқаны кезеңі басталған. Кәсіпкерлер бұл кезеңде өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы үгіт жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алған.

Сайлау 5 тамыздан бастап 11 тамызға дейін жалғаспақ. Дауыс беру vote.atameken.kz сайтында онлайн форматта жүзеге асырылады. Дауыс беру ЭЦҚ немесе SMS жіберу арқылы берілмек.

«Өңірлік кеңес тарихында бұл алғашқы сайлау процесі. Тұңғыш рет бақылаушы органға кез-келген кәсіпкер өз кандидатурасын ұсына алады. Өңірлік кеңеске сайлау өткізу заман талабы болып отыр.   Өңірлік кеңес өкілдері өз кандидаттарына дауыс берген кәсіпкерлердің мүддесіне өкілдік ететіндіктен бизнес-қауымдастықтар үшін аса қажет. Сайлаудың заңды және өңірлік кеңес мүшелерінің құқықтық мәртебелерін  қамтамасыз ететітін атап өткім келеді. Онлайн-саулау рәсімі өте қарапайым әрі мөлдір. Тіпті смартфон арқылы да дауыс беруге болады. Ал, дауыс беру небары екі минуттан аспайтын уақыт алады, – дейді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ақылбек Смағұлов.

Сайлау қорытындысы 31 тамызда белгілі болмақ. Өңірлік кеңестің 60 пайызы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілері мен аккредидитеуден өткен ассоциация өкілдерінен құралса, 40 пайызы аудандық кәсіпкерлік субъектілерінен болады деп күтілуде. Жалпы республика бойынша өңірлік кеңестерге бизнес-қауымдастықтардың 456 өкілі енетін болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img