spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
9.9 C
Kokshetau

Степногорск: «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасымен білім беру нысандары жөнделуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Степногорск қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде білім беру нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Облыстың әр түкпірінде мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тозығы жеткен нысандар жаңартылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Әсіресе білім  беру нысандарындағы  оң өзгерістер  көбейе бастаған.

Жалпы мемлекеттік  бағдарлама шеңберінде Степногорск қаласының білім беру нысандарын жөндеуге  бюджет қоржынынан 397 миллион теңге бөлінген.  Оның ішінде Ақсу қаласындағы №1 орта мектеп пен Бестөбе кентіндегі №2 орта мектепті күрделі жөндеуге 285  миллион теңге қарастырылып, қазір толық қарқынмен жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде.

Қалалық білім бөлімініңі мәліметінше қалған қаражатқа Степногорск қаласындағы № 8 орта мектебі мен Қырыққұдық, Қарабұлақ және Байқоныс ауылдарында ғы мектептерінің қоршауы, спорт залдары мен терезелеріне ағымдағы жөндеу жүргізілмек.

Қазіргі уақытта терезелер мен спорт залын жөндеу жұмыстары аяқталған.   Жөндеу жұмыстары одан әрі жалғасуда,  Сондай-ақ, Байқоныс ауылында блок-модульды жаңа жылу қазандығын орнату үшін облыстық бюджеттен  20 миллион теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстарын мердігер компания » Stem-4″  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сапалы орындап, жаңа жылу қазандығы іске қосылды, – деді  қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img