spot_img
Жұма, Қараша 27, 2026
0.2 C
Kokshetau

Көкшетауға оттегі концентраттарының алғашқы легі жеткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда «Науан Хазірет» атындағы орталық мешіттің жанындағы «Зекет» қорының ұйымдастыруымен жиналған қаражатқа 40 дана оттегі концентраты сатып алынды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Қайырымдылық акциясына жалпы жұртшылықпен бірге жергілікті кәсіпкерлер мен бірқатар кәсіпорындар да қолдау білдірген.  Атап айтқанда «КазСтрой-Мастерская», «АСМ групп», «Ер Агро-2008», «Фундаменталь», «Кокшетауавтодор», «Импекс», «Жилстрой Гарант 2015», «Гормолзавод», «Адал V» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен ЖК Жакупов   үлкен қаржылай көмегін көрсеткен. Сондай-ақ акцияның ұйымдастырылуына Көкшетау қаласының әкімдігі де  ықпалын тигізіпті.

Осыдан екі апта бұрын біз «Өмірге үміт сыйла!» қайырымдылық бастаған едік.    Біздің облысымызда және жалпы елімізде коронавирус инфекциясымен және пандемиямен ауырғандар саны күн санап өсіп келеді.  Сәйкесінше, облыс ауруханаларында да   оттегі концентраттары жетіспей жатты.  Сол себепті біз Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы мен «Зекет» қоры бірлесіп қаражат жинай бастадық.  Жиналған қаражатқа біз 160 оттегі концентратын сатып алуға өтінім бердік.  Бүгінде аталған медициналық оттегі аппаратының алғашқы 40 данасы жеткізілді.  Оттегі концентраттары Көкшетау қаласы және Сандықтау, Степногорск, Шортанды Атбасар және Қорғалжын  аудандарындағы ауруханаларға беріледі, – дейді «Науан Хазірет» атындағы облыстық мешіттің бас имамы Қуаныш Сәбитұлы.

Қалған 120 оттегі концентраты аппараттары келесі аптада жеткізілмек.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сайлауға дайындық заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіліп жатыр

Сайлау науқаны «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ұйымдастырылуда. Орталық сайлау комиссиясы сайлау үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика