spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
21.5 C
Kokshetau

24 шілде күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

24 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды  «Aqmola News» тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз елдің басым бөлігінде секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей бөлігінде жел секундына 15-23 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Павлодар, күндіз Ақтөбе, Алматы облыстарында жел секундына 15-25 метр жылдамдықпен соғып, Павлодар облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.

Күндіз, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Aqmola News» ақпарат агенттігі тіркелген кандидаттар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика