spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
14.7 C
Kokshetau

Көбейтұз, Теңіз көлдеріне рейд ұйымдастырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ерейментау ауданының әкімі мен мобильді бақылау тобы демалыс күндері адамдар көп шоғырланған «Көбейтұз», «Теңіз» көліне рейд ұйымдастырды. Оның барысында көлде демалушылармен ауданда коронавирус ауруының кең таралуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы түсініктеме жүргізді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Жалпы, 2020 жылдың 13 шілдесіндегі Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжанов өткізген жедел штаб отырысының хаттамасында аталмыш көлдерге қатысты нақты ереже жазылған.

«Ерейментау ауданының тұрғындары арасында COVID-19 ауруының өсуіне байланыс-ты және Ақмола облысы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 04.07.2020 жылғы №86 бұйрығына сәйкес, «Аумақта коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша карантиндік шараларды күшейту туралы», Ерейментау ауданының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін – Ерейментау ауданы шекарасы аумағында орналасқан «Көбейтұз», «Құрбет», «Теңіз», «Қоржынкөл» және басқа да көлдерге баруға тыйым салынады», – делінген хаттамада.

Әйтсе де әлеуметтік желіде тараған фотосуреттер мен видеолар бұл хаттама талаптары сақталмай отырғанын айғақтайды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img