spot_img
Сейсенбі, Тамыз 25, 2026
14.9 C
Kokshetau

Көкшетаулық кәсіпорын үш бірдей қаланы ауыз сумен тегін қамтамасыз етуде (ВИДЕО)

Сондай-ақ...оқыңыз

Коронавирус инфекциясы елімізде таралғалы бері Ақмола облысындағы іргелі кәсіпорындардың бірі – «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамы Көкшетау, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының ауруханаларына 0,5 литрден 5 литрге дейінгі 36 мың дана TURAN суларын жеткізген, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы кәсіпорын директорының бірінші орынбасары Досымжан Кенжешов мәлім етті.

Осынау ел басына күн туған күрделі кезеңде коронавирус пандемиясына тосқауыл қоюда қаладағы ірі кәсіпорын  әрі әлеуметтік жауапкершілікті арқалаған бизнес өкілі ретінде «Көкшетау минералды сулары» қалыс қалған жоқ.  Наурыз айынан бері  көмек ретінде Көкшетау, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының ауруханаларына қажеттіліктеріне қарай 40 мың данадан астам су құтылары тегін  жеткізілді.  Апта сайын  Көкшетау қалалық ауруханасына,  облыстық туберкулез диспансеріне, тері-венерологиялық диспансері мен теміржол ауруханасына су жеткізіп келеміз.   «Көкшетау минералды сулары»  АҚ -ы ұжымы атынан барша дәрігелерді қажырлы еңбегі мен батырлықтары үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді.   Барлық науқастардың тезірек сауығып кетуін тілейміз, – дейді Досымжан Кенжешов.

Кәсіпорын алдағы  уақытта да өз көмектерін ұсынуды жалғастыра бермек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа оқу жылы қарсаңында балалар қауіпсіздігі күшейтілді

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Осыған байланысты елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шаралар күшейтілуде. Қазіргі уақытта республика...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика