Атбасар ауданында егіс даласында жұмыстар агротехникалық мерзімге сай жүргізілуде. Елдегі күрделі жағдайға қарамастан жергілікті диқандар егістік алқаптарын химиялық өңдеу жұмыстарын аяқтап үлгерген, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің табандылығының арқасында 356,4 мың гектар егіс алқабында химиялық отау аяқталған. Оның ішінде қос жарнақты арамшөптер ге қарсы 277,9 мың гектар егіс алаңы, сонымен қатар 78,5 мың гектар дәнді-дақылдар егістіктері өңдеуден өткен.
Арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары пар ға қалдырылған жерлерде де жүргізілуде. Осы уақытқа дейін 34,6 мың гектар тыңайтуға қойылған жерлер өңделді. Егілген астықтың 70 пайызының жағдайы жақсы. 26 пайыз ының жайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Өкінішке орай егіс алқаптарының 4 пайыздан астамын киіктер таптап кетті. Маусым айында болған ыстық тар майлы дақылдардың жайына елеулі ықпал етіп, қанағаттанарлық жағдайға түсуіне әкеліп соқты, – дейді аудан әкімі Аманбек Қалжанов.
Ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен шөп шабу науқаны да қызу кірісіп кеткен. Биыл атбасарлықтар жалпы ауданы 103 мың гектар жерде шөп шабу жоспарланыпты. Жалпы 81,5 мың тонна мөлшерінде жем-шөп әзірлеу жоспарланған. Бұл ауданның жылдық қажеттілігін толықтай қанағаттандырмақ. Бүгінге дейін 58 мың тонна шөп әзірленіп, шамамен жылдық қордың 72 пайызы жинап алынған. Шөп шабу науқаны одан әрі жалғасып жатыр.