spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
25.2 C
Kokshetau

Облыс әкімі ақмолалықтарды Астана күнімен құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев  ақмолалықтарды Елорда күнімен құттықтады, – деп хабарлайды «Aqmola News»

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді мемлекетіміздің ұлық мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке өте зор қоғамдық-саяси маңызға ие және әрбір қазақстандық үшін шын мәнінде жалпыхалықтық мереке болып саналады.
Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың астананы ауыстыру туралы шешімі халқымыз үшін тарихи маңызы зор оқиға болды.
Өткен 22 жылдың ішінде Нұр-Сұлтан қаласы тәуелсіз мемлекетіміздің қол жеткен жетістіктері мен гүлденуінің символына айналды. Қазіргі еліміздің бас қаласы – бұл астанамыздың мақтанышына айналған сәулет өнерінің ең батыл шешімдері. Қала құрылысының қазіргі заманғы ең озық технологиясымен, ерекше ғимараттарымен астанамыз әлемге танылып отыр.
Нұр-Сұлтан қаласы ырғақтылығы мен жарықтың барлық – Батыс, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік бағыттық мәдениетінің үйлесімімен ерекшеленеді. 22 жылдың ішінде астанамыз тек Орта Азия елдерінің ғана емес, барша Ислам әлемінің, сондай-ақ, ТМД және Еуропа елдерінің саяси өмірінің, жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелерді шешетін әлем көшбасшыларының басын қосатын орталығына айналды.
Астана күніне арналған құттықтауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былай деп атап көрсеткен еді: «Барша қазақстандықтардың бірлігінің символына айналған Нұр-Сұлтан қаласының құрылысына еліміздің барлық өңірлері өз үлестерін қосты. Біздің Отанымыздың жүрегі дәл осы жерде соғып тұр, еліміздің жарқын болашағы үшін маңызды барлық шешімдер осы жерде қабылданады және жаһандық маңызы бар саяси оқиғалар түгел осы жерде өтеді. ТМД Самиттері, Шанхай ынтымақтастығы қауымдастығы, Еуразия экономикалық одағы, Еуропаның қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымы, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі – осы және басқа да шаралар Қазақстанның бас қаласының тұрақты бейнесіне айналып отыр».
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен құттықтай отырып, шын жүрегімнен ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасын өркендетуде береке мен бейбітшілік, жетістіктер мен табыстар тілеймін, – деді Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img