spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
16.7 C
Kokshetau

«Шапағат» орталығында гүлдер мен көкөністер бағы пайда болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Целиноград ауданында орналасқан «Шапағат» орталығы емделушілердің иммунитеті мен денсаулығын нығайту мақсатында орталық жанындағы жылыжайға көкністер мен түрлі гүлдер отырғызылған. Қазір емделушілер мен қызмет алушы қариялар өз еріктерімен  алуантүрлі гүлдер мен көкөніс көшеттеріне күтім жасауда, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Жылыжай Малотимофеевка селосындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мекемесінің барлық қызметкерлері және еңбекке едәуір жарамды қызмет алушылардың күшімен  жөнделген.

Қазір мұнда қияр, қызанақ, шалқан, баялды, аскөк сияқты көптеген көкөністер мен гүлдер өсіп жатыр. Жылыжайдан бос алаңға картоп отырғызылған.  Барлық агрономиялық және технологиялық процесстері сақтай отырып, жасадық. Ал орталықтың маңындағы аумақ мен әкімшілік ғимараттың айналасына  гүлзарлар жасалып, саналуан  хош иісті гүлдер егілді, – дейді орталық қызметкерлері.

Жылыжай ашылғанына разы болған қариялар өз денсаулықтарына қарай күнделікті күтіп-баптауды мойындарына алып, белсенділік көрсетуде. Жаз бойы суармалы агрегаттармен қамтылған жылыжайдағы көшеттерді қызмет алушылар күн сайын суарып, көкөністері мен гүлдері жайқала бастаған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img