spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
17.5 C
Kokshetau

Ақмолада полицейлер бір тәулік ішінде 3674 автокөлікті тексерістен өткізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық полицейлер блок-бекеттерде алғашқы күні 3600-ден астам көлікті тексерістен өткізді, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше кешкі 20.00-ден бастап карантиндік шаралар қайта күшейтіліп, Көкшетау қаласы жабылғанын хабарлағанбыз. Қаулыға сәйкес Көкшетау қаласының айналасына 5 блок-бекеттер қойылып, 45 полиция қызметкері тәулік бойы қызмет етуде.

Қазіргі таңда «Көкшетау-Щучинск», «Көкшетау-Рузаевка», «Көкшетау-Петропавл», Көкшетау-Омбы» және «Көкшетау-Зеренді» күрежолдарының бойында блок-бекеттер орналасқан.

Полицейлер автокөліктердің кіріп-шығуына шектеу жасап, карантин аймағына кірген жолаушыларды тексерістен өткізеді.  Ең бастысы алғашқы қажетті азық-түліктер мен дәрі-дәрмектерді, ауыл шаруашылық техникаларын кедергісіз өткізуді қамтамасыз етуге мән берілді.Полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды мәліметтер базасы арқылы жол жүруге рұқсат құжатарын, тіркелуін және жолға шығу мақсатын тексеруде. Мәселен тек жұмыс жасаған 12 сағат ішінде блок-бекетте 3674 автокөлік тексеріліп, 160 автокөлік кері қайтарылды. Азаматтар аталған шараларға түсіністікпен қарауда. Қоғамдық тәртіпті бұзу оқиғалары тіркелген жоқ., – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Полицейлер мекемелер мен ұйымдардың басшыларына қызметтік автокөліктердің блок-бекеттер арқылы жүріп-тұруы үшін «Stopcorona.kz» мобильді қосымшасының көмегімен тиісті өтінім беру қажеттігін жеткізді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img