spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
5.2 C
Kokshetau

Зеренді ауданында дәрігерлерге 40 пәтерлі тұрғын үй салынады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Зеренді ауданында дәрігерлер үшін үй салынады. Бұл  мәселе Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің  облыс әкімі, облыстық филиал төрағасы Ермек Маржықпаевпен өткен  онлайн кездесуінде шешілді-деп хабарлайды «Aqmola News».

Өңір басшысы Ермек Борамбайұлы баспана мәселесін шешу үшін наурыз айында 5 қабатты 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаты жасалғандығын жеткізді. Шілде айында мәслихаттың шешіміне сәйкес қаржы бөлініп, үйдің құрылыс басталады.

Бүгінгі күні Зеренді ауданында денсаулық сақтау саласының 36 қызметкерінде жеке баспанасы жоқ. 7 дәрігер мен 9 қызметкер «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келіп,  үй кезегіне тұрған. Аудан бойынша тағы 19 медицина қызметкері жетіспейді.  Онлайн байланысқа қосылған зеренділік медицина қызметкерлері Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке өз мәселелерін жеткізді.

Онлайн кездесу барысында Көкшетаудағы ірі кәсіпорын «Гормолзавод» ұжымы да тікелей байланысқа қосылып, кәсіпорын басшысы Әсен Жақсылықов  кәсіпорын жетістіктерімен,  «Гормолзавод» бастауыш партия ұйымының жұмысын баяндады. Асен Жаксылыков карантин кезіндн #Біргеміз акциясының аясында 308 отбасыға азық түлік корзинасын таратып,көмек көрсетті. «Гормолзавод»  бастауыш партия ұйымымен алдағы партияішілік іріктеу- праймеризге дайындық жұмыстары пысықталды.

Онлайн форматта өткен жиын одан әрі аудандық партия филиалдарының төрағалары, олардың бірінші орынбасарларымен праймеризге дайындық тақырыбымен жалғасын тапты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img