spot_img
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
8.2 C
Kokshetau

Синоптиктер еліміздегі сәрсенбілік ауа райын баян етті

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазгидромет» РМК 24 маусымға  арналған еліміздегі ауа райының болжамын ұсынды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық ауа ағындарының әсері әлі де сақталады. Кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстік-шығыста, шығыста бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі сақталады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы, күндіз Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, түнде Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Алматы, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады, Атырау облысында қатты ыстық күтіледі. Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» халықтық би ансамблі

 «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерейтойлық концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменінің тағы бір мәрте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img