spot_img
Жексенбі, Мамыр 31, 2026
21 C
Kokshetau

Диқандарға зиянкестерге қарсы дәрілік препараттар алу үшін қаржы берілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық аграрлық серіктестіктер мен шаруа қожалықтарына бүгін таңғы 10.00-ден бастап зиянкес жәндіктерге қарсы препараттар алу үшін қосымша қаржы беріле бастады, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Ақмола облыстық филиалы мәлім етті.

Ауыл шаруашылық серіктестіктері «Qoldau.kz» платформасында арнайы субсидияларды алу үшін өтінім береді. Қаржыландыру ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылдың 30 наурызындағы бұйрығымен бектілген өнімділікті және өсімдік шаруашылығының сапасын жоғарылату ережелеріне сәйкес жүзеге асырылмақ, – дейді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының маманы Жұлдызай Әубәкірова.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылы ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне тек гербицидтер ғана емес, инстекцид және фунгицид сияқты басқа да зиянкестерге қарсы препараттарға қосымша қаржыландыру беріледі. Осылайша мемлекеттік қолдаудың арқасында диқандар егініндегі арамшөптер мен қатар дәнді-дәқылдардың өсуіне қауіп төндіретін түрлі зиянкес жәндіктерден де құтылмақ.

Пестицидтер және басқа да биоагенттердің құнын арзандату мақсатында 8,8 миллиард теңге қарастырылыпты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті

2026 жылғы 29 мамырда Көкшетауда «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті. Аталған акция жыл сайын өткізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика