spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
25.2 C
Kokshetau

Ермек Маржықпаев мемлекеттік қызметшілер мен полицияны кәсіби мерекелерімен құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Мемлекеттік қызметшілер полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, – деп хабарлайды «Aqmola news».

 Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Қымбатты мемелкеттік қызмет саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймын!
Мемлекеттік мекеме бүгінде ҚР Президенті мен Үкіметі айқындап берген еліміздің дамуы мен қалыптасуының стратегиялық бағдарын жүзеге асырудың негізгі базасы болып табылады.
Мемлекеттің қуаты мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететін мемлекеттік қызметшілер мен олардың тиімді жұмыс істеуіне, тәжірибесі мен аянбай еңбек етуіне байланысты болмақ. Халық Сіздердің әрқайсыларыңыздан жоғары кәсіби біліктілікті, адамгершілікті, отансүйгіштікті, заңды мүлтіксіз сақтауды күтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Елбасымыздың мемлекеттік қызметшілердің беделін арттыру бағдарын жалғастыра отырып: «Мемлекеттік басқару жүйесіне меритократиялық негізде тек лайықты, білімді адамдар ғана келуі керек», – деп атап көрсетті.
Қазір әрбір мемлекеттік қызметшінің қызмет баспалдағымен өзінің жеке және кәсіби жетістіктері арқылы өсуіне мол мүмкіндігі бар. Ақмола облысында жергілікті атқарушы органдарда қызмет етіп жүргендердің 82 пайызы жоғары лауазымды қызметтерге тағайындалды. Бүгінгі күні өңірімізде 5,7 мың адам мемлекеттік қызмет саласында еңбек етуде.
Қазіргі пандемия жүріп жатқан күрделі кезеңде, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау елеулі өзгерістерге ие болды. Мемлекеттік қызметті электронды форматта ұсыну сапасы мен жеделдігі айтарлықтай жақсара түсті, төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемдерді мемлекеттік қызметшілердің арқасында мыңдаған ақмолалықтар уақытында алды, осындай және басқа да жайлар тұрғындардың өмірін жақсартуға мүмкіндік беруде.
Өздеріңізге жүктелген міндет жауапкершілігін сезіне отырып, қазақстандық мемлекеттілігіміздің қалыптасуына, еліміздің экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына қосып келе жатқан үлестеріңіз үшін ерекше алғысымды білдіремін.
Қазақстан халқына қызмет ету сияқты абыройлы істеріңізге табыс, даналық пен сабырлылық, бейбітшілік пен тыныштық тілеймін.

Құрметті полиция қызметкерлері!
Қадірлі ішкі істер органының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Полиция күнімен құттықтаймын! 23 маусым – Қазақстан полициясы үшін ерекше күн. 1992 жылдың 23 маусымында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңды қабылдаған еді.
Учаскелік инспекторлар мен тергеушілер, оперативтік қызметкерлер мен криминалистер, қатардағы сарбаздар мен офицерлер, ішкі істер органының ардагерлерін – таңдап алған істеріне адал болып қалған сіздердің баршаңызды мерекемен құттықтаймын!
Сіздердің мінсіз қызметтеріңіз, Отанымыздың мүддесіне деген адалдықтарыңыз үшін терең ризашылық сезімін білдіруге әрі ардагерлерге құрмет көрсетуге мүмкіндік берген осы бір ерекше күні қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін қиған әріптестеріңізді де бір минут үнсіздікпен еске алудың маңызы зор. Өкінішке орай, осы кезең ішінде 29 ақмолалық полицей өз қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапты.
Бүгінгі таңда біздің облыстың ішкі істер органдарында 3 мыңнан астам полиция қызметкері еңбек етуде. Облысымыздың елді мекендерінің көшелеріндегі тәртіп пен ақмолалықтардың тыныштығы, өз қауіпсіздігіне деген сенімдері тікелей соларға байланысты.
Коронавирус пандемиясы кезеңінде азаматтардың денсаулығын, қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайын қорғауға құрметті полиция қызметкерлері, Сіздер де жұмылдырылдыңыздар. Сіздер өз денсаулықтарыңызды тәуекелге тігіп, біздің аймақта коронавирустың жайылуын тежеуге елеулі үлестеріңізді қосып келе жатырсыздар.
Сіздерге өздеріңіз таңдап алған мамандыққа деген адалдықтарыңыз, нәтижелі қызметтеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздердің мойындарыңызда қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етудің үлкен жауапкершілігі тұр. Ақмолалықтардың өмірі мен тыныштығын сақтау да сіздердің қолдарыңызда. Азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен бүгінгі және ертеңгі күнге деген сенімдері сіздердің кәсіби біліктіліктеріңізге, табанды азаматтық ұстанымдарыңызға және ерік-жігерлеріңізге тікелей байланысты.
Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ өмір және отбасылық игілік тілеймін! Өздеріңізге жүктелген кәсіби міндеттеріңізді адал орындап, қиын да жауапты істеріңізде жетістікке жете беріңіздер!, – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img