spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
25.2 C
Kokshetau

Ақмолалық волейболшылар ел чемпионы атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Еліміздің басты волейбол жарысы мерзімінен бұрын аяқталды. 48 баллға ие болған Ақмола облысының «Ұшқын-Көкшетау» волейбол командасы көштің басына шығып, ел чемпионы атанды, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның волейбол федерациясы ерлер арасындағы жоғары лигада тұрақты чемпионатты коронавирус пандемиясына байланысты мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдаған.

Осылайша осыған дейін қоржынына 48 балл жинап үлгерген «Ұшқын Көкшетау» бірінші орынға ие болып алтыннан алқа тақты. Жарысқа бес турдың үшеуін ойнаған 10 команда қатысты. Күміс жүлдеге Оралдық команда иеленсе, үшінші орын қызылордалық команданың еншісіне бұйырды, – деді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

«Ұшқын Көкшетау» командасының капитаны Қанат Ғабдуллиннің айтуынша, маусым өте сәтті өткен.

«Біз өте қуаныштымыз. Біз бәріміз бірге ең жоғары нәтижеге қол жеткіздік, – дейді ол.

Елордада Қазақстанның волейбол федерациясы командаларды марапаттау рәсімін ұйымдастырды. Басқарма басшысының айтуынша қарсылас командалар да өте мықты болған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика