spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
9.1 C
Kokshetau

Балалардың жазғы демалысы: Ақмолалық оқушылар мектепішілік онлайн лагерлерде белсенділік танытуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында биыл балалар жазғы демалысын онлайн режимде өткізуде. Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше өңірде 27 мың бала онлайн режимдегі лагерлерге қатысуда, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты балалар биыл жазғы демалысын дәстүрлі лагерлерде өткізбейді. Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусинаның қаулысына сәйкес мектеп жасындағы балалар мектепішілік лагерлерге қатысып, түрлі онлайн байқаулар мен іс-шараларға ат салысуда.

Биылғы жылы облыста 526 мектепішілік онлайн лагер алаңы қызмет атқаруда. Оқушылар  шығармашылық, патриоттық, көркемсурет, лингвистикалық, дене шынықтыру және спорт сияқты бағыттарда қатысады. Бүгінде облыс бойынша 27 мың бала онлайн режимде өтетін лагерлерге қатысады. Лагерлер таңғы 10-нан күндізгі 13.00-ге дейін күніне үш сағаттан жұмыс істейді. Мұнымен қоса, мектептен тыс 56 қосымша білім беру нысандары жұмыс істейді. Аталған нысандарда 8900 бала білім нәрімен сусындауда. Әрине, коронавирус инфекциясына байланысты білім беру орталықтарында маскалық режим, кірген сәтте балалардың дене қызуы өлшеніп қабылданады. Сонымен қатар осыған дейін 25 балаға дейін болса, қазір арақашықтық мөлшері сақталып 10-15 бала ғана рұқсат етілген. Сонымен қатар балалар облыстағы 17  спорт кешендері мен 29 спорт мектептерінде спорттық үйірмелерге қатысуда – дейді Ақмола облысы білім басқармасының басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова.

Мектепішілік онлайн лагерлердің  бір ерекшелігі балалар өз қалауы бойынша кез-келген бағыттағы лагерге қатысады. Тапсырмалар мен жұмыстар онлайн тәртіпте қабылданып, мұғалімге жолданады, – деді басқарма басшысының орынбасары.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img