spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
14.7 C
Kokshetau

Сандықтауда аудандық ауруханаға жарты ғасырдан соң тұңғыш рет жөндеу жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Сандықтау аудандық ауруханасында жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл аурухана 48 жылдан бері жөндеу көрмеген,- деп хабарлайды «Aqmola News».

Медициналық нысанның күрделі жөндеуі «Ауыл ел – бесігі» жобасы арқылы жүзеге асырылуда.

Бұл аурухана 1972 жылы салынғалы бері күрделі жөндеуден өткізілген жоқ. Мен жобаға кіргізілгеніне қуаныштымын. Жаңғырту жұмысы медқызметкерлерге қолайлы жағдай туғызып, науқастарға сапалы қызмет көрсетуді жақсартады,-деп атап өтті Асқарбек Үйсімбаев.

Нысанның төрт бөлімі, зертханасы және шатыры қалыпке келтірілетін болады. Аурхананың қасқа беті жөнделіп, айналасы абаттандырылмақ.Сонымен қатар жылу жүйесі жөнделіп, жеделсатысын ауыстыру қарастырылған.

Аудан басшысы атап өткендей, «Қазба байлық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 480,8 млн. теңгеге келісім шарт жасалған.

Осы құрылысқа 53 жұмыскер тартылды. Олардың барлығы Балқашино ауылының және жергілікті аймақтың тұрғындары.

Күрделі жөндеу ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталмақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау полицейлері қала тұрғындарына қоқыс тастау мен қоғамдық орындарда ішімдік ішу үшін жауапкершілік барын ескертті

Көкшетау қаласындағы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеп отыр. Әсіресе рұқсат етілмеген орындарға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика