spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.6 C
Kokshetau

«Ел үміті» бағдарламасына қатысуға ақмолалық зияткерлер де белсенділік танытуда

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Тұңғыш Президентінің «Ел үміті» жалпыұлттық бастамасына Ақмола облысы бойынша 24 тәлімгер оқытылды. Бүгінгі күні бағдарламаға 308 қатысушы тіркелген,-деп хабарлайды «Aqmola News» тілшісі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

«Ел үміті» бастамасы – дарынды балалар мен жастарды жан-жақты қолдау болып табылады.

Бастама 3 жоба бойынша жүзеге асырылуда. Біріншісі «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы. Бұл олимпиада ауылдық жерлердегі балаларды дамытуға бағытталған. Екіншісі өңірлік орталықтарды дамыту жобасы дарынды балалар және талантты жастарды жан-жақты қолдауға арналған. Үшінші «Елбасы медалі» жобасы.

«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы ауылдық мектептердің 5-6 сынып оқушыларына бағытталған. Олимпиада 2 кезеңмен өтеді.Олимпиаданың І  кезеңде  13731  оқушы қатысты,  оның   ішінде 5-сыныптың оқушылары – 7079 бала, 6-сыныптың оқушылары – 6652 бала. ІІ  кезең 2020 жылғы 25 маусымда Көкшетау,  Нұр-Сұлтан қалаларындағы  Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасында өтеді,-дейді облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов.

Білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, екінші кезеңнің нәтижесі тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары 100 балды жинаған 1000 оқушыны іріктеу болып табылады. Іріктеуден өткен оқушыларға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу мүмкіндігі болады, сондай-ақ, оларға іскерліктер мен дағдыларды дамытатын «Ел Үміті» онлайн-платформасының курстары тегін қолжетімді болады.

«Елбасы медалі» – бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу және үйлесімді дамыту бағдарламасы. 2020 жылғы 24 сәуірде  «он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапаттау қағидалары» арнайы қаулымен бекітілген.

«Елбасы медалі» бағдарламасы балалар мен жастарды қолдау және ынталандыру жүйесін білдіреді. Бағдарламаға 7 бағыт бойынша қатысуға болады.

Маслихат сессиясының 2020 жылғы 10 маусымдағы шешімі бойынша «Елбасы медалі» бағдарламасына 40 миллион теңге бөлінген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img