spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Есіл ауданында ағайынды кәсіпкерлердің жылыжай өнімдері екі облысты қамтуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Есіл ауданында ағайынды Болдановтар үш жылыжай кешенінен күніне 1800 келі қияр өндіруде. Елорда маңындағы азық-түлік белдеуімен қамтамасыз ету бағдарламасын сәтті пайдаланған жас кәсіпкерлердің қазір тасы өрге домалауда – деп хабарлайды «Aqmola news» тілшісі.

Жас кәсіпкерлер Рүстем мен Дамир Болдановтар жылыжай кәсібін 2018 жылдың көктемінде бастаған. Қауіп-қатерден сескенбеген ағайындылар Знаменка селосында жыл бойы көкөніс өсетін жылыжай шаруашылығын бастап кетіпті. Аумағы 3000 шаршы метрді құрайтын жылыжай кешендері жылына 150 тоннаға дейін өнім беруде.

Яғни қазіргі таңда ауыл жігіттерінің маңдай терінің арқасында жылына 90 миллион теңгеден астам қаражатты қиналмай тауып келеді.

         Бала кезімізден үйдің жанындағы шағын баққа түрлі көкөністер егетінбіз. Жаз бойы суарып, арам шөптерін жұлып қыс бойына жететін көкөністерді жинап алатын едік. Жылдан-жылға тәжірибеміз молайып, артылғанын аудан орталығына дейін сатуға көштік. Кәсібімізден нәсіп тапқасын, шаруашылықты кеңейтуді жөн деп таптық. Сөйтіп бауырым екеуіміз өзіміздің жинаған қаражатымыз бен жеңілдетілген несие алып,  жылыжай 174 миллион теңге сомасына жылыжай салдық. Әрине, бастапқыда бірталай кедергілерге тап болдық. Дегенмен, еңбегімізге қарай ісіміз алға басып, қазіргі уақытта табысымыз да молайды. Қазіргі уақытта 10 жұмысшы күніне 3 жылыжайдан 1800 келі қияр алады.  – дейді «Органико» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Рүстем Болданов.

Заманауи технологияға негізделген жылыжай кешендері жыл бойы көкөніс өсіруге қолайлы. Қиярды отырғызу қар көбесі сөгілместен 20 ақпанда-ақ отырғызыла бастапты. Алғашқы өнім 22 наурыздан бастап қолға тигені, тіпті таңдандырады.

Үш ай өтпестен 45 тонна қияр жинап алған ағайындылар өнімдерін Есіл қаласы ғана емес Ақмола облысындағы жақын маңындағы елдімекендерге  және Қостанай облыстарына да жөнелтуде. Ағайынды кәсіпкерлер алдағы уақытта шаруашылықтарын одан әрі кеңейтуді көздеп отыр.

Майра Қуанышқызы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img