spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

«Ауыл–Ел бесігі»: Сандықтау ауданында қалай жүзеге асырылып жатыр?

Сондай-ақ...оқыңыз

Сандықтауда ағымдағы жылы көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 7 жоба жүзеге асырылуда,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте аудан әкімі Үйсімбаев Асқарбек мәлімдеді.

Жобаларды іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен  ауданға 1 млрд.333,8 млн. теңге бөлінген,-деді аудан әкімі.

№ 1 Балкашин және Сандықтау  орта мектебінің құрылыс жұмыстарын «Даяна Сервис» ЖШС-гі жүргізуде.

Балкашино ауылындағы «Мирас» балабақшасы, жобалық қуаты 145 орындық. Бүгінде балабақшаны қалыпқа келтіруге 43,9 млн.теңге сомасына шарт жасалды.

Мердігерлік ұйым жөндеу жұмыстарын уақытында орындауға кірісті.

Бұдан бөлек «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасына енгізілген үш білім беру нысанының жұмысы ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Сандықтау аудандық ауруханасы 1972 жылы салынған және сол уақыттан бастап ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Бұл нысан да осы бағдарлама аясында жөнделетініне қуаныштымын,-деді аудан басшысы өз сөзінде.

Сонымен қатар жалпы ұзындығы 14,2 км Балкашино және Сандықтау ауылдарында асфальт-бетон жабыны бар кентішілік жолдарды орташа жөндеу бойынша жобаларды іске асыру басталды.

Осы жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық рәсімдер аяқталды, келісім-шарттар мердігер «Промстройнедра» ЖШС-мен қол қоюға  берілді.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img