spot_img
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
8.2 C
Kokshetau

Көкшетауда із-түзсіз жоғалған әйел табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында екі бірдей адамның із-түзсіз жоғалғанын осыған дейін хабарлағанбыз. Полиция жақында хабар-ошарсыз кеткен адамдардың бірі Қарлығаш Ахметжанованы іздеп тапты, – деп хабарлайды «Aqmola news»  Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Жоғалған әйел Краснояр сайжайларының бірінде танысының үйінде қонақта болған.

Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығының тұрғыны 43 жасар сіңлісінің із-түзсіз жоғалғанын айтып, полицияға 10 маусымда жүгінген.

2 маусым күні үйінен шығып қайта оралмаған Қарлығаш Ахметжановадан осы уақытқа дейін еш хабар болмады. 13 маусымда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары Қарлығашты Краснояр саяжай массивтерінің бірінен іздеп тапты. Ол таныстарының үйінде қонақтап жатқан болып шықты. – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Кейін белгілі болғанындай, із-түзсіз жоғалған әйелдің осыған дейін де бірнеше мәрте хабар-ошарсыз үйден кетіп қалған.

Айта кетейік із-түзсіз жоғалған Қарлығаш Ахметжанова осы жылдың мамыр айынан бастап әпкесімен бірге тұрған. Наркологиялық және психоневрологиялық есепте тізімде болмаған және қымлыстық жауапкершілікке тартылмаған. Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, өңірде соңғы уақытта із-түзсіз жоғалған адамдардың қатары артқан. Тек жыл басынан бері ғана Ақмола облысында 29 адам хабар-ошарсыз кеткен. Полицияның жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 25 адам табылды. Полиция тұрғындардан өз жақындарына абай болуды өтінеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» халықтық би ансамблі

 «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерейтойлық концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменінің тағы бір мәрте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img