spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
25.2 C
Kokshetau

Ермек Маржықпаев: Құрылыс жұмыстары сапалы әрі жауапкершілікпен атқарылуы тиіс!

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласында қүрделі жөндеу жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарда болды. Жол жөндеу барысын тексерген өңір басшысы қаланың кейбір абаттандыру  аймақтарындағы тиісті жүргізілмеген жұмыстар үшін ескерту жасап, облыс орталығын көркейтудің ойдағыдай орындалуын тапсырды,-деп хабарлайды «Aqmola News» облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Биыл  облыс аумағында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.  Қараша айында өтетін Қазақстан мен Ресейдің ХҮІІ өңіраралық ынтымақтастық форумына орай, облыс орталығында көптеген жаңа нысандар бой көтермек. Аталған форум аясында  бірқатар жолдарды  жөндеу басталып  кеткен.

Алдымен облыс басшысы Абай-Набережная-Әуелбеков-Алтынсарин көшелерінің қиылысында орналасқан үйлердің ауласында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарына назар аударды. Бұл жердегі жұмыстардың мердігері – «Норд Жолдары» серіктестігі. Жұмыс 2018 жылы басталған, алайда, әлі күнге дейін аяқталмаған. Өңір басшысы серіктестік директоры Арман Манукянға осыған орай ескертулер жасай келе, бөлініп жатқан қаржыны мақсатты жұмсап, бар шаруаны ағымдағы жылы тиянақтауды тапсырды. Осындай ауланы абаттандыру жұмыстары Жайлау шағын ауданында да қолға алынған.

М.Ғабдуллин көшесінің бойында жол құрылысы жұмыстары 2019 жылдан бері жүргізіліп келеді. Көктем басталғалы бұл жұмыс қайта жанданды. Қазір онда жылу құбырларын ауыстыру қолға алынған. Мұндағы жұмыстарды «Көкшетау Автодор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Жобаның құны – 985,4 миллион теңге. Өткен жылы оның 200 миллион теңгеге жуығы игерілді, ағымдағы жылғы қалған 788 миллион теңгесі де бөлінген. Облыс әкімі қысқы жылу беру маусымында осы аймақтағы жылу құбырлары жарылып, келеңсіз жағдай орын алғандығын тіліне тиек ете келе, мердігерден сапалы жұмыс нәтижесін талап етті. Қыруар қаржыны желге ұшырмай, толықтай игеріп, басталған істі уақытылы аяқтауды тапсырды. Мамандардың айтуынша, бұрынғы металл құбырлардың жарылуы, тексеріс нәтижесі көрсеткендей, шірігендіктен орын алған көрінеді. Енді қазіргі заманға сай жасалған құбырлар төселуде.

 

Облыс орталығының негізгі мәдени ошағы –«Көкшетау» мәдениет сарайы жиырма жылдан кейін міне, биыл қайта күрделі жөндеуден өткізілгелі жатыр. Нысанның сырты жаңадан қапталып, кіре беріс фойесіне, көрермен залына жөндеу жүргізіледі. Мұндағы құрылыс жұмыстарын «ПМК-5» ЖШС жүзеге асыруда. Жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынып, оған 207 миллион теңге қаражат бөлінген. Осы күні онда 30 жұмыс орны ашылып, 21 адам жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша еңбек етуде. Әкім мердігер Солтүстік қазақстандық компания басшылығына құрылысқа жүрдім-бардым қарамай, жұмысты жауапкершілікпен атқарып, уақытында әрі сапалы аяқтап шығуды тапсырды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img