spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында туристік маусым ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында туристік маусым басталды. Өңірдегі қонақүйлер, мейманханалар, санаторилер  сияқты барлық туристік нысандар өңірдің бас санитар дәрігері бекіткен талаптармен  жұмысқа кірісті, -деп хабарлайды «Aqmola News» .

Зеренді мен Бурабайдағы нысан иелері жаңа маусымға ерекше дайындалғаны белгілі.  Өңірлік туризм басқармасы жетекшілері туристерді қабылдаушылармен кездесіп,  жаңа туристік маусымға әзірлігін пысықтады.  Жақында ғана тағайындалған туризм басқармасының жетекшісі Уәлихан Ғабдуллин өңірдегі демалыс нысандары жазғы маусымға 100 пайыз дайын екендіктерін жеткізді.

Өткен жылы туризм саласынан тапқан пайда миллион үш жүз мың теңгеден асқан болатын дейді мамандар.

Барлық нысандардың әзірлігі бағаланып, тиісті актілер толтырылады. Ол құжатта дамалыс орындарының санитарлық талаптарға сай болуы тіркеледі. Көрші елдермен шекара жабық. Біз ішкі туризмге үміт артып отырмыз. Қонақтарды қуана қарсы аламыз,-дейді Уәлихан Ғабдуллин.

Бизнес өкілдері өткен екі айда орын алған шығын көлемін есептеп, оны өтеу жолдарын іздестіруде. Қазіргі кезде жаңа маусым басталғанға дейін-ақ, қазақстандықтар демалыс орындарына алдын-ала тапсырыс берген. Демек, жаңа маусымнан үміт зор. Сарапшылар туристік қызмет көрсетудің бағасында аздап өзгерістер болатындығын жасырмайды.  Бизнес-құрылымдардың шығындары мен нарықтағы өзгерістерді ескеріп,  15 процентке дейін қымбаттатуы мүмкін деген болжам айтылады.

Бурабайда туристік қызмет көрсету инфрақұрылымына кіретін барлығы 178 объект бар. Өңірдегі 45 санаториялық-курорттық мекеменің 13-і балалар сауықтыру орталығы болып саналады. Туристерді орналастыруды қамтамасыз ететін 133 объектінің  65-і қонақүй мен демалыс үйлері болса, қосымша 29 туристік лагерь мен 30 қонақ үй және коттеджбен қатар  9-дан астам туристерді басқа да орналастыру орындары жұмыс істейді.

Өңірдегі орналастыру орындарының жалпы сыйымдылығына сәйкес бір мерзімде 13310 туристің демалуға мүмкіндігі бар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img