spot_img
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
8.2 C
Kokshetau

Ақмолада психикалық ауытқушылығы бар із-түзсіз жоғалған адам табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада із-түзсіз жоғалған психикалық ауытқушылығы бар 48 жастағы азамат табылды, – деп хабарлайды  «Aqmola news»   Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ол осыған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалған.
Туысының 30 мамырда үйден шығып қайта оралмағаны туралы Аңғал батыр ауылының тұрғыны хабарлаған. Оқиға Біржан сал ауданы аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызды.

Іздестіру шарасы барысыда жоғалған азаматтың 1996 жылдан бері аудандық ауруханада параноидты шизофрения диагнозымен психиатр дәрігерінің есебінде тұрғаны анықталды. Есту галлюцинациясынан зардап шеккен. Психикалық ауықушылығы бар адам осыған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалғаны мәлім болды. Жоғалған адамның жағдайын ескере келе аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы толықтай іздеу жұмыстарына кірісті. Тәртіп сақшылары орман алқаптары мен барлық адам көп жүретін жерлерді сүзіп шықты, – деді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Полицейлер жоғалған жігітті көршілес Бурабай ауданынан іздеп тапты. Ер адамға құқыққа қайшы әрекеттер жасалмағаны анықталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» халықтық би ансамблі

 «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерейтойлық концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменінің тағы бір мәрте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img