spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
16.7 C
Kokshetau

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш әйел-генерал 60 жасқа толды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Тәуелсіз Қазақ елінің тарихында Тұңғыш рет генерал шенін иеленген ІІІ дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі Сәуле Айтпаева 60 жасқа толды. Бұл туралы Жақсы ауданының әкімі Бауыржан Малғаждаров мәлім етті, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Жақсы ауданының төл тумасы Сәуле Мұханбедияқызы 1960 жылы дәл осы күні дүние есігін ашқан. Свердловск қаласындағы Руденко институтын заңгерлік мамандығымен ойдағыдай аяқтаған қаршадай қазақ қызы алғашқы еңбек жолын 1977 жылы туған мекені Торғай ауданында Жақсы аудандық прокуратурасының кеңсе меңгерушісі лауазымынан бастаған. Прокуратураның түрлі құрылымдарында отыз жылдан астам уақыт қызмет атқарған Сәуле Айтпаева барлық істе өзінің жауапкершілігі мен талапшылдығының арқасында биік жетістіктерге қол жеткізеді. 2003-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы еспептер жөніндегі комитет төрағасының орынбасары лауазымына көтеріледі.

Ұжым ортасындағы беделі мен мол тәжірибесінің арқасында дәл сол комитеттің төрағасы болып тағайындалды. Әділет саласына жасаған қажырлы еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалін, «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдары мен басқа да құрметті атақтарға ие болған.

Көп жылдық ерен еңбегінің арқасында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты мансабына тағайындалады. Әділет саласындағы мол іс-тәжірибесі есепке алынған Сәуле Мұханбедияқызына еліміздің бала құқықтары жөніндегі арнайы өкілетті тұлға қызметі де сеніп тапсырылған. Бүгінде айрандай ұйыған отбасының от анасына айналып, екі баланы тәрбиелеп өсірген бақытты ана атанған.

Біз өз Отандасымызды мақтан етеміз және оның өзінің туған өлкесін ешқашан ұмытпай өңірдің жас мамандарымен кездесіп, ақыл-кеңестерін айтып отыратынына қуанамыз. Осынау төл мерекесінде өмірлік мол тәжірибесінің арқасында зор табыстарға қол жеткізген Сәуле Мұханбедияқызын мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір тілеймін, – деді Жақсы ауданының әкімі Бауыржан Малғаждаров.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img