spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында 700-ге жуық мәдениет ошақтарында 3 мыңнан аса мәдениет қызметкерлері жұмыс істейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының 46 мәдени нысаны Қазақстанның жалпыұлттық және өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енгізілген. Өңірдегі 1032 ескерткіш облыстың тарихи-мәдени мұрасын жаңғыртуға айтарлықтай үлес қосып отыр,-деп хабарлайды Aqmola News.

Бұл мәлімет 21-мамыр мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Ақмола облысы мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасынан алынды.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Бекназарованың айтуынша, сал-серілер мекені, Арқа ән өнерінің мектебі қалыптасқан, батырлар мен ақын-жырауларды тудырған Ақмола топырағында атқарылып жатқан істер баршылық.

Өңірде 1 халық әртісі, 9 «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», 5 «Құрмет және Парасат» ордендерінің иегерлері, 103 «Мәдениет қайраткері» және  «Мәдениет саласының үздігі» мәденеиет саласында еңбек етіп келеді.

Сонымен қатар  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің марапатымен 41 қызметкер марапаталса, «Еңбек ардагері» медалімен 8 мәдениет өкілі  және мәдениет саласының 19 қызметкерлері  түрлі марапаттарға ие болды.

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы 73 жыл ішінде талай  шығармашылық ұжымдар мен әншілерді, дирижерлерді түлетіп, өсіріп  шығарды. Олар қазір  шет елдердің сахнасында өнер көрсетіп, ел намысын қорғап жүр.

Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры мен облыстық орыс театры ұлттық дүниетанымды насихаттайтын 231 қойылымды сахналап, көрерменге паш етті.

Ақмола облысында 11 музей қызмет етеді, онда еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттау, өскелең ұрпаққа патриоттық, рухани және адамгершілік тәрбие беру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі.

Облыстық музейдің және оңың филиалдарының бай қор жинағы жыл сайын жаңа коллекциялармен толықтырылып, бүгінгі таңда 120 000-нан астам жәдігерден тұрады.

Облыста  жалпы қатысушылар саны 30 600 адамнан тұратын 2 513 клубтық құрылымдар жұмыс істейді. Түрлі жанрлық бағыттағы 1942 шығармашылық ұжым бар. Бұл  шығармашылық ұжымдар шет елдердегі халықаралық фестивальдарға дүркін-дүргін қатысып тұрады.

Ақмола облысында мемлекеттік желідегі 342 кітапхана жұмыс істейді. Биыл жалпы облыстық кітапханаларда 12 ірі жоба іске асырылмақ.

2019 жылы 13 мәдениет объектілерін ағымдағы және күрделі жөндеуге облыс бюджеті есебінен 192,8 миллион теңге бөлінді. Бұдан басқа, бюджеттен тыс қаражат есебінен жыл сайын ауылдық нысандарға бизнес-құрылымдар тарапынан қолдау көрсетіледі.

2019 жыл Ақмола өңірінде айтулы мәдени оқиғалармен жандана түсті. Атап айтқанда «Айтыстың қос тарланы – «Көкен, Мұса» облыстық айтысы өткізіліп, «Көзайымым, Көкшетау» ақындар фестивалі ұйымдастырылды.  «Домбыра» архитектуралық композициясының ашылуына   500   домбырашы бір мезетте күй орындады.  «Көкшетау-тал бесігім» атты дәстүрлі өңірлік VI музыкалық фестиваль өткізіліп, «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығының облыстық байқауынан 110 жаңа шығармашылық ұжым, 151 жаңа есімдер мен солистер шықты.

Щучинск-Бурабай курорттық аумағын дамыту мақсатында 20-дан астам мәдени-маңызы бар іс-шаралар өткізілді. Қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен «Жұлдызды маусым» жобасы жүзеге асырылды.

Алғаш рет облыс әкімінің қолдауымен Бурабайда 9 шет елден 20 суретшінің қатысуымен «Бурабай Аңыздары» халықаралық форумы ұйымдастырылып, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан театрларының қатысуымен «ТеART-Көкше» Халықаралық театр фестивалі өткізілді.

Ақмола облысының әкімдігімен соңғы 5 жыл ішінде мәдениет саласының  әртістеріне 5 пәтер бөлінді.

Майра Қуанышқызы.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img