spot_img
Бейсенбі, Маусым 11, 2026
21.5 C
Kokshetau

Шортанды ауданында 140 орындық балабақшаның құрылысы қарқын алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Шортанды ауданы Төңкеріс ауылында «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасымен 140 орындық балабақшаның құрылысы жүріп жатыр,-деп хабарлайды Aqmola News.

Құрылыстың келісім шарттағы жалпы сомасы 562,85 миллион теңгені құрайды. Бұл жобаға облыстық бюджеттен 2020 жылдың наурыз айында 334,75 миллон теңге бөлінген болатын.

Бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында Астана қаласы, ТОО «Петрострой – Люкс», Екібастұз қаласы ТОО «Anvar Sagat» және  ТОО «Карагандастройпроект» құрылыс компанияларымен келісім шарт жасалған.

Қазіргі уақытта фундаменті қойылып, сыртқы қабырғаларды қалау және ригельдер мен жабынды плиталарды бетондау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі Гайдар Қасенов әлеуметтік нысандардың құрылысы – мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі екенін айтады.

Сонымен қатар бұл мектепке дейінгі ұйымның құрылысы балабақшаларға кезектілікті қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Майра Қуанышқызы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Аршалы ауданында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында «Таза ел – жарқын болашақ» атты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика