spot_img
Бейсенбі, Сәуір 16, 2026
3.2 C
Kokshetau

Ақмолада ауыл тұрғыны көлік жөндеу станциясында героин өндірген

Сондай-ақ...оқыңыз

Полицейлер Ақмола облысындағы Астрахан селосының тұрғынынан есірткі жасауға арналған арнайы құрылғыларды анықтады, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астрахан ауылының тұрғыны өзінің көлік жөндейтін техникалық қызмет көрсету станциясында есірткі жасаған. Біршама уақыт бойы сырттай бақылауда болған күдікті 13 мамыр күні арнайы операциямен қолға түсті.

54 жастағы азамат осы уақытқа дейін 2 грамнан астам «героинді» өзі жасап, сатып жіберген болып шықты. Техникалық қызмет көрсету станциясын тінту барысында есірткі заттарын әзірлейтін құрылғылар мен басқа да заттай дәлелдер тәркіленді, – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Аталған факт бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қылмыстық кодекстің 297 бабының 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша оқшаулағышқа қамауға алынған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңға жуық тұрғын қатысқан ауқымды экоплоггинг өтті

Биыл Қосшы қаласы қала мәртебесін алғанына бес жыл толуын атап өтуде. Бұл шешім елді мекеннің дамуына серпін берген стратегиялық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика