spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Төтеншеліктер өрт қаупі жоғарылайтын кезеңде абай болуға шақырады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Зеренді және Ақкөл аудандарында биылғы жылдың сәуір айынан бастап 3 орман өрті тіркелген. Өрт қаупі жоғарылайтын мезгілде 17 рет құрқақ шөптен өрт шығып, дер кезінде ауыздықталған,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы брифингте ТЖД-нің бастығы Алексей Советов айтты.

Бұл өрттердің орын алуына биыл көктем ерте келіп, ауа температурасының күрт жоғарылауы себеп болған.

Дегенмен былтырғы жылмен салыстырғанда орман өртінің орын алуы 70 пайызға, құрғақ шөптің тұтануы 37 пайызға төмендеген.

Жыл сайын орман ішінде от жағып, әсіресе, көктемгі тазалау науқанында қоқыс өртеп, өрт қауіпсіздігін сақтамайтын тұлғалардың көбейюіне байланысты рейдтер ұйымдастырылады.

  • Бүгінде өрт қауіпсіздігін сақтау туралы түсіндірме жұмыстары мен әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Өңірде 52 мобильді топ құрылып, ТЖД мен ПД, Табиғат ресурстары басқармасы, аймақтық орман ресурстары басқармасымен бірлесіп 152 рейд ұйымдастырылды. Бұл мобильді топтың көмегімен 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 адамға ескерту жасалып, 138 мың теңгеге айып пұл салынды,-дейді Алексей Советов.

Төтеншеліктер тұрғындарға өртке абай болуды ескертеді. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда әкімшілік және қылмыстық кодекстерге сәйкес қатаң  жауапкершілікке тартылатындығын айтады.

Егер өрт шыққанын байқасаңыз, өз күшіңізбен сөндіре алмаған жағдайда 101 және 112 өрт күзетіне қоңырау шалыңыз.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img