spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau

Көкшетауда медбикелер мерекесі күні қарлығаштар ұшып келді!

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласындағы Көктем шағын ауданындағы 9/32-ші медбикелер үйіне қарлығаштар ұшып келді,-деп хабарлайды Aqmola News.

Бұл үйге жыл сайын дәл осы уақытта қарлығаштар ұшып келеді. Ең қызығы қарлығаштар 12 мамыр медбикелер мерекесі күні таң ертең пайда болған.

Жергілікті тұрғындардың айтуына қарағанда олар бұл жерге ұя салып, ондағы балапандарына тамақ таситын көрінеді.

Жылы маусым уақытында дәл осы үйге қарлығаштардың қоныстануын тұрғындар жақсылыққа балайды.

– Біз көршілерімізбен достық қарым-қатынасты бірінші орынға қоямыз. Қазір бірін-бірі танитын көршілерді кездестіру қиындап кетті ғой. Ал біздің балаларымыз да есіктің алдында бірге ойнайды,- дейді тұрғындар.

– Бұл жер қарлығаштарға өте қолайлы. Себебі бұл үйде адам сырқаттанып қалса, жанынан табылып қол ұшын созатын ақ халатты дәрігерлер тұрады. Олардың еңбегін қажет кезде ғана ескермей, дәрігерлерді үнемі бағалауға тиіспіз,-деп жазды медбикелер үйінің тұрғындарының бірі.

12 мамыр халықаралық мейірбикелер күні. Кішкентай еңбекқор тіршілік иелерінің дәл осы күні ұшып келуінде бір мән бар сияқты…

Олай дейтініміз қазақ халқы ертеден қарлығашты кие тұтқан. Ауыз әдебиетімізде сәбиді жыланнан құтқарып қалған қарлығаштың ерлігі жайлы аңыз да бар.

Төтенше жағдай уақытында кезекке тұрып, қажырлы еңбек етіп, дәрігерлердің нұсқауы бойынша науқастарды емдеп жүрген барша медбикелеріміздің ісін қарлығаштың әрекетіне баласақ, артық болмас…

Қанатымен су сеуіп індетті жоюға атсалысып жүрген медбикелердің мерекесі құтты болсын!

Майра Қуанышқызы

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img