spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында Отан қорғаушылар күніне арналып бірқатар іс шаралар ұйымдастырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс көлемінде аудандар мен қалаларда Отан қорғаушылардың мерекесіне арналып іс шаралар ұйымдастырылуда,-деп хабарлайды Aqmola News .

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев барша ер азаматтарды айтулы мерекемен құттықтап, ақмолалық азаматтарға амандық, саулық тіледі.

-Ел қауіпсіздігін сақтап, тыныштығын қамтамасыз етуде Отан қорғаушыларымыз жан аямай еңбек етуде. Барша әскери қызметшілер мен мемлекетіміздің тұтастығын сақтауға үлес қосып жүрген азаматтарға қажымас қайрат пен талмас қанат тілеймін,-деп атап өтті облыс басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ақмола облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс» атты әдеби-музыкалық композиция дайындады.

Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелер жоспары аясында «Жастықтың оты жалындап» атты жас ақындардың онлайн айтысына ұласты.

Медициналық қызметкерлер, волонтерлер және құқық қорғау қызметкерлері қатысқан «Отанды қорғау – асыл парыз!» атты бейнеролик әлеуметтік желілерге жүктелді.

Сонымен қатар ауған соғысы ардагерлері және соғыс ардагерлерімен бірыңғай «Патриотизм сағаты» хештегімен онлайн конференция ұйымдастырылды. Жастар ресурстық орталығы мен білім басқармасы мұрындық болған шараға аудан әкімшіліктері ат салысты.

Инстаграм dkkokshe парақшасындағы «Ұрпақтар ұмытпайтын күн» бейне экскурсиясы да мерекелік датаға арналды.

Сонымен қатар әкімшіліктер мен мемлекеттік органдардың әлеуметтік желідегі парақшаларында Отан қорғаушылар күніне арналған түрлі челендждер мен патриоттық әндер орындалатын мерекелік концерттер легі толастамақ емес.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img