spot_img
Сейсенбі, Тамыз 25, 2026
16.3 C
Kokshetau

Ақмолада карантин режимін бұзғаны үшін 47 адам қамауға алынып, 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Ақмолада карантин кезінде 994 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы Ақмола облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен хабарлады.

Өңірде карантин режимінің қолданылуын бақылаудың алғашқы аптасында-ақ 994 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өкінішке орай көптеген нысандарда төтенше жағдай режимінің бұзылғаны анықталды. Жеке кәсіпкерлер мен шаруашылық субъектілеріне қатысты 280, жеке тұлғалар бойынша 179 әкімшілік материалдар толтырылды. Мұнымен қоса 101 нысанда карантин кезіндегі қолданылуы тиіс шаралар жүргізілмеген болып шықты, – деді Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Мобильді топтарға санитарлық қызметкерлермен қоса полиция, сонымен қатар кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің өкілдері қатысқан.  Рейд шаралары барысында соттармен жалпы құны 88 адамға 2 243 447 теңгеге көлемінде айыппұл салынса, 47 адам қамауға алынып, 10 адамға ескерту жасалған.  Қазіргі уақытта 134 материал қарастырылу үстінде.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа оқу жылы қарсаңында балалар қауіпсіздігі күшейтілді

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Осыған байланысты елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шаралар күшейтілуде. Қазіргі уақытта республика...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика