spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau

Ақмолада онлайн айтыс өтеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мен Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен «Жастықтың оты жалындап» атты облыстық онлайн айтыс өтеді, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Айтыс 23 сәуірден 9 мамыр аралығында онлайн түрде ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Көкшетау қаласының мәдениет бөлімі хабарлады.

Айтысқа Ақмола облысы аудандары мен Көкшетау қаласының 15 жастан 35 жасқа дейінгі ақындары қатысады. Әр айтқысқа 30-40 минутке дейін уақыт беріледі. Айтыс толық бейнежазба түрінде сақталып «Көкшетау қаласы мәдениет бөлімінің фейсбук парақшасында жариялануы тиіс. Онлайн айтыс өткізудегі негізгі мақсат әлеуметтік желілер арқылы өңіріміздің дарынды жастарын елге таныту, жастардың табиғи дарыны мен қабілетінің ашылуына мүмкіндік жасау болып отыр. Жеңімпаз дауыс беру және қазылар алқасының шешімі арқылы ортақ есеп бойынша анықталады. Айтыс аяқталғанға дейін белгілі айтыс ақындары, әдебиетшілер мен ғалымдар айтысқа сараптама жасап, өз пікірлерін білдіріп отырады – деді қалалық мәдениет бөлімінен.

Айтыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img