spot_img
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
8.8 C
Kokshetau

Ақмолада карантин кезінде ұрланған бұршақ үшін қылмыстық іс қозғалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада карантин кезінде малға азық ету үшін бұршақ жымқырған ауыл тұрғыны қолға түсті, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға Целиноград ауданында болған. 14 сәуірде жергілікті акционерлік қоғам директоры полицияға телефон шалып, кәсіпорын аумағынан 2 тоннадан астам бұршақ тұқымының ұрланғанын хабарлайды.

Жедел іздестіру шарасы нәтижесінде полиция қызметкерлері 29 жастағы Ақмол селосы тұрғынын ұстады.

Ол осы кәсіпорында жұмыс істеп жүріп, жеке көлігімен екі апта бойы қаппен бұршақ тасып алғаны белгілі болды. Бұршақтың бір бөлігін қорасындағы малға азық етсе, артылғанын ауылдастарына сатып жіберген. Күдікті кәнәсін толықтай мойындады. Қазір аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 188 «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді баспасөз қызметінен.

Күдіктіден келу туралы міндеттеме алынған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика