spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
10.2 C
Kokshetau

Облыс әкімі азық-түлік бағасын сынға алды (ВИДЕО)

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысы барысында өңір басшысы елдегі төтенше жағдай кезінде базарлар мен ірі сауда орындарында бағаның тым шарықтап кеткенін сын садағына алып, тиісті мемлекеттік органдарға дереу шара қолдануды тапсырды, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов өңірдегі төтенше жағдай кезіндегі бағаның тұрақтылығына мән берілгенін хабарлады.

            Қазіргі уақытта облыста барлық азық-түлік тауарларының белгілері штаттық режимде жұмыс істеуде. Тауарлар тапшылығы жоқ, – деді Ербол Оспанов.

Ал облыс әкімі жағдайдың мүлде басқаша екенін тілге тиек етіп, дереу бағаларға мониторинг жүргізіп, тиісті шараларды қолдануды тапсырды.

            Біз облыс орталығындағы бірнеше базарларда болдық. Шын мәнінде баға тым шарықтап кеткен. Бір таңғалдырғаны өзіміздің өңірде өндірілетін азық-түліктердің бағасы қымбаттап кеткен. 90-95 теңгеден төмен бағада нан болған жоқ. Ал, министрліктермен бекітілген бұйрыққа сәйкес 550 грамм нан бағасы 80 теңгеден аспауы тиіс. Әрине, «Цесна» сияқты сапасы жоғары ұн бағасы қымбат болатыны түсінікті. Ал, бірақ біздің облыста Жақсы, Жарқайың, Атбасар аудандарында өндірілетін 1 сұрыпты ұн бағасын қымбаттатуға еш құқығы жоқ. Өкінішке орай соңғы 3-4 күнде ет мәселесі аса өткір тұр.  Базарда ет жоқ. Ал бар ет ешқандай критерийге сай келмейді.  Сондықтан ауыл шаруашылығы басқармасына ет бойынша мәселені қатаң бақылауға алуды және күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырамын, – деді Ермек Маржықпаев.

Өңір басшысы министрліктермен бекітілген осы 9 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінде тұз, күріш, қарақұмық бағасына мән беру қажеттігін атады. Сонымен қатар жалпы алғашқы қажетті 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің де сапасы мен бағасын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img