spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau

Ұлт мұраты үшін қатаң тәртіпті ұстанып, шыдамдылық танытуымыз қажет

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарияланды.

Нұрсұлтан Әбішұлының Тәуелсіз ел атанған шақтан бастап ел тізгінін қолға алып, тоқсаныншы жылдардағы экономикалық, әлеуметтік қиыншылықтардан халқымыздың ынтымағын сақтап бүгінде әлем танитын, бірлігі жарасқан еліміздің алпауыт мемлекетке айналуына қосқан үлесі зор. Бүгінгі еліміздің жеткен жетістіктері барша халықпен татулықта бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, талмай еңбек етудің нәтижесінде келгендігін атап өтіп, Елбасы әрқашанда әр шешімін халықпен ақылдасып, ашық талқыға салғандығын айтады. Бүгінде әлемді дүр сілкіндірген коронавирус індеті барша адамзатқа үлкен қауіп төндіруде.Елбасы осы жаман індеттің елімізде қатты таралмауына мейілінше алдын алу шаралары уақытында ұйымдастырылғанын атап өтті. Ең бастысы барша Қазақстандықтарға осында қиыншылықта бірлікте болып сабыр сақтауымыздың маңыздылығын айтады. Қазақ халқыныың батыры Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген қанатты сөзін есімізге салып дәл қазір баршамызға қатаң тәртіпті ұстанып, шыдамдылық таныту абзал дейді. Ал жұмыс орындарының тоқтап, халықтың уақытша табыс көзінен айырылуы мемлекет назарынан тыс қалмайды. Себебі осындай төтенше жағдайларға ел болашағы үшін кезіне Тұңғыш Президенттің бастамасымен Ұлттық қор құрылған болатын. Бүгінде сол қорда 90 миллиард АҚШ доллары бар екен. Бұл қаражат ел басына күн туғанда тарих сынынан сүрінбей өтуге мол мүмкіндік береді.
Барша Қазақстандықтарға дәл қазір Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ақ тілеулі сөздері өте қажет. Себебі осындай дүрбелеңде Ұлт Көшбасшысы халықты сабырға шақырып, рухымызды асқақтатып өзінің қолдауы мен қамқорлығын айтқанда барша халық сенімі мен мұраты нығайып бірлігі беки түседі.

Мейрамбек Рахымжанов,

Бурабай аудандық мәслихатының депутаты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img