spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
15.2 C
Kokshetau

Қорғаныс министрі қазақстандықтардың неге әскерге шақырылғанын түсіндірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысын түсіндірді, деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қорғаныс министрі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

«Бұл жарлықтың негізгі мазмұны – әкімдерге әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыруға мүмкіндік пен құқық беру. Ал басты мақсат – ең алдымен халқымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау, оны қамтамасыз ету», – деді Нұрлан Ермекбаев. Министрдің айтуынша, әскерге шақыру 3 айға созылуы мүмкін.

«Әскери жиын 3 айға созылуы ықтимал. Бірақ оның нақты мерзімін жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Олар арнайы қаулымен әскери шақыруды ұйымдастырып, оны ерте аяқтауы мүмкін. Мысалы, кейбір өңірдегі әкімдер әскери жиынды 10 күнде ұйымдастырса, кейбір жерде ол ұзақ уақыт алуы мүмкін», – дейді Нұрлан Ермекбаев.

Министр әскери міндеттілерді жинау жергілікті атқарушы органдарға жүктелгенін атап өтті. Сондай-ақ, әскерге шақырылғандар басқа өңірге жіберілмейтінін, олар әскери борышын тұрғылықты мекен-жайы бойынша өтейтінін атап өтті. Осы орайда министр карантин кезінде әскерге шақыру қалай жүргізілетінін айтты.

«Адамдар көп жиналмас үшін механизм әзірленді. Қазір олардың басым бөлігі үйдегі карантинде болды. Сондай-ақ, әскерге шақырылардың алында олар медициналық тексерістен өтеді», – деді ведомство басшысы.

Осыған дейін Қазақстан президентінің әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулысы жарияланған болатын.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img