spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
6.8 C
Kokshetau

Ақмоланың ірі кәсіпорындары санитарлық шараларды күшейтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының ірі кәсіпорындары бұрынғы режимде жұмыс істеуде. Өңірдегі экономикалық жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындары құрылып, жасанды вентиляциялық өкпе аппараттары (ЖВӨ) сияқты стратегиялық маңызы бар тауарларды өндіру қуаты ұлғайтылды. Солардың ішінде «Тыныс» және полимер қаптамалар өндіретін «Новопэк» кәсіпорындары бүгінгі тақырыбымыздың арқауына айналды, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Бүгінде «Тыныс» зауытында 800 адам жұмыс істейді. Жасанды вентиляциялық өкпе аппараттарын жасау өндірісі жүктемесінің ұлғаюына байланысты кәсіпорынға тағы жүзге жуық адам жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар кәсіпорында коронавирус індетінің таралуы кезінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға баса назар аударылуда. Карантин уақытында әр екі сағат сайын барлық зауыт құрал-жабдықтары тазартылып, жұмысшыларға маскалық режим енгізіліп, әрбір ауысым сайын санитарлық және дезинфекциялық өңдеу шаралары өткізіледі. Енгізілген жаңа ноу-хау жаңалықтардың бірі – ғимаратқа кіреберісте қызметкерлердің әрқайсысына дезинфекциялық құрал шашып, жұмысшылардың киім-кешектері зарарсыздандырылады. Зауыттың бас директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша соңғы күндері зауыт санитарлық шараларды күшейтті:

-Қазіргі сәтте цехтағы машиналарға санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жұмысшылар өз жұмыстарына кіріспестен бұрын беті-қолдарын мұқият сабындап жуады. Барлық кәсіпорында санитарлық тазарту құралдары қойылған. Мұнымен қоса біздің жұмысшылар арнайы киімдермен зауыт сыртын дезинфекциялық құралдармен зарарсыздандырады. Сондай-ақ біз қызметкерлерімізді үйден жұмысқа дейін тасымалдауды да жүзеге асырудамыз. Қазіргі уақыта бізде алты автобус бар, – деді Қайрат Қалманбаев.

«Новопэк» фабрикасы шыны, керамикалық, аграрлық және басқа да өнеркәсіп салаларына химиялық шикізаттың ірі жеткізуші болып келеді.

-Қол алысуға бұйрықпен тыйым салынған. Жұмыс кестесі өзгертіліп, енді біз жұмысшылар зауыттан ертерек шығуы үшін таңғы 8.00-ден жұмыс істейміз. Қызметкерлерді үйінен зауытқа және зауыттан үйіне дейін жеткізуді қамтамасыз ету үшін жолаушылар автобусы тасымалдаушыларымен қосымша келісімшарттар жасалды. Кәсіпорынның 500 жұмысшысына әлеуметтік қоржын түрінде ұн, қарақұмық, күріш, макарон және т. б. көмек берілуде. Жалақыны ұлғайту мүмкіндігі де қарастырылуда, – деді кәсіпорынның коммерциялық директоры Серік Керуенбаев.

Сонымен бірге кәсіпорынның өзінде зауыттың аумағына бөтен адамдардың өтуіне тыйым салынып, маскалық режим енгізілген. Зауытқа кіргенде әрбір жұмысшы медициналық тексерістен өтеді. Әрбір әжетханада антисептик орнатылған.

Ылғалды тазалау жұмыстары артып, есіктер мен тіреулерде хлормен өңделген орамдармен таңылған. Бүгінннен бастап күн сайын кәсіпорынды басқа ұйыммен дезинфекциялық шаралар өткізілетін болады. Кәсіпорын жатақханасында қосымша бөлмелер ұйымдастырылған. Қала маңынан келген барлық жұмысшыларға жатын орындар ұсынылады, – деді Серік Керуенбаев.

Өңірде карантин шараларына қарамастан зауыт өз өнімдерін экспорттауды жалғастыруда. «Новопэк» басшысының айтуынша, азық-түлік саласын жеткізуші фабрика жылдық шарттардың барлық көлемін сақтады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img