spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
22.2 C
Kokshetau

Үндістанда карантин уақытында қалада күнелте алмағандар ауылдарына үдере көшуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Үндістанда аяқ астынан қабылданған 21 күндік жалпыұлттық карантин еңбек мигранттарының арасында дүрбелең туғызуда. Қаладағы жұмысынан айырылған миллиондаған адамдар карантин ережелеріне бағынбастан өз ауылдарына кетіп жатыр. Лық толы автобустар мен жүк көліктеріне жармасқан жұрттың қарасы қалың. 

Кәсіпорындардың жабылуы,  жеке меншік ұйымдардың ыдырауы,   жұмыстан босатылу,  жалақы төленбеу сияқты күрделі жағдайлар миллондаған адамдарды үлкен қаладан өз ауылдарына үдере көшуіне себеп болған сияқты.

Төмендегі кадрлерде карантин жарияланған сәттен бастап  4 сағат ішінде орын алған жалпы тәртіпбұзушылық әрекеттерді байқауға болады. Жол сөмкелерін көтерген әйелдер мен балалар, жасөспірімдердің жанарынан үрей анық байқалады…

Нью-Дели қаласының шетіндегі автобус станциясына адамдар топталып жиналған. Олар автобустарға шабулдауда.

Автобустың төбесіндегі орындар жылдам қимылдайтындарға тиюде. Соның өзіне қол жеткізгендер өздерін бақытты сезініп, тіпті,  қауіпсіз орында отырмыз деп санайды.

Жолаушылар тасымалдайтын транспорттардың қызметін  автобустармен қатар жүк көліктері мен атарбалар да атқаруда.

Жолаушылар  арасында 1,5 метр арақашықтықты сақтау, екі сағат сайын маска ауыстыру, антисептикпен қолды зарарсыздандыру дегеніңіз әзірге арман ғана. Ауру ошақтарынан адамдардың жаппай «саяхатқа шығуы» қандай пәлеге душар ететінін жақында статисика көрсетеді.

Бірін-бірі басып жаншып, айғай-шу уақытында ата-аналардың бір ғана мақсаты үйлеріне дейін балаларын аман -сау, жоғалтып алмай жеткізу ғана болып тұр.

 

Адамдар тіпті автобустардың ең қолайсыз орындарына жармасуда.

Аударған Майра Қуанышқызы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img