spot_img
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
8.8 C
Kokshetau

Қарағандыда коронавирустан қайтыс болған адаммен байланыста болғандар анықталуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Қарағанды ​​облыстық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан көз жұмған науқас жайлы дерекпен бөлісті, – деп хабарлайды » Aqmola News» облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

– Ер адам, 62 жаста болған. 30 наурызда ол ауруханаға түсті. «Екі жақты пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігі» диагнозы қойылды, жағдайы ауыр деп белгіленген. Ер адам аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Жүргізіліп жатқан ем-домдарға қарамастан науқастың жағдайы нашарлай түсті. Бүгін, 1 сәуірде, таңертеңгі сағат 7-де науқастың жүрегі тоқтап қалды.

Жүргізіліп жатқан реанимациялық шаралар нәтижесіз болды. Бұрын ер адам ауруханаға жатып, ем қабылдамаған.

Марқұммен тығыз байланыста 36 адам болған, одан бөлек тағы 20-сы байланыста болуы ықтимал адам ретінде анықталды,-делінген хабарламада.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика