spot_img
Сәрсенбі, Маусым 10, 2026
21.3 C
Kokshetau

Қосшы ауылында бір отбасының үш адамы вирус жұқтырған

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандар саны 5 адамға жетті. Оның үшеуі бір отбасынан екені белгілі болды. Бұл туралы Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Елорданың іргесінде орналасқан Қосшы ауылында тұратын бұл азаматтар осыған дейін де үй карантинінде жатқан.  Өйткені, коронавирусқа шалдыққан туыстары осы үйде қонақта болған.

Аталған 3 адам қазір инфекциялық стационарда жатыр. Жағдайлары қанағаттанарлық. Олар: 1954 жылы туған әйел, 1949 жылы туған ер адам және олардың 1990 жылы туған ұлдары. Олардан бөлек, бізде қазір стационарлық карантинде 95 пациент бақыланып жатыр. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық, – деді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сүлен Ілиясов.

Қазір аталған науқастардың барлық жақындары мен туыстары ауруханаға жатқызылып, толықтай бақылауға алынды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

LRT ҚОСШЫҒА ДЕЙІН: ҚАЛАНЫҢ БОЛАШАҒЫН ӨЗГЕРТУІ МҮМКІН ЖОБА

Қосшы қалалық мәслихатының депутаты Динара Райханованың айтуынша, LRT желісінің екінші кезеңі тұрғындардың Астанаға тез әрі ыңғайлы қатынауына мүмкіндік беріп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика