spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
15.6 C
Kokshetau

Карантин аймағынан жаяу шықпақ болған ақмолалық ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

  Елорда маңындағы карантин аймағынан жаяу өтіп кетпек болған Ақмола облысы, Целиноград ауданының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Адамнан айла артылған ба?!. Барлық бағыттар бойынша жолдарда блок-бекеттер орналасқандықтан, карантин аймағынан құтылып шықпақ болған ақкөлдік азамат Қосшы және Қызылжар ауылдары арасындағы жол арқылы жаяулап өтуге тырысқан.

Төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзып қолға түскен азамат Елордаға ақпанның ортасында табыс табуға келген.

Қала карантинге жабылғанынан хабарсыз болдым. Мердігерлік жұмыстарды аяқталмағандықтан уақытында шыға алмай қалдым, – дейді ол.

Құқық қорғаушылар тексеріс барысында құқық бұзушыдан карантин аймағынан шығуға рұқсат беретін ешқандай құжаты болмағаны анықтады. Қазір сотпен төтенше жағдай режимін бұзушыға 10 тәулік қамауға алу түрінде жаза кесілді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика