spot_img
Жексенбі, Тамыз 30, 2026
13.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында call-орталыққа 200-ден астам қоңырау түскен

Сондай-ақ...оқыңыз

Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен бері Ақмола облысы полициясы халықты толғандырған сұрақтарға жауап беру үшін жедел желі ұсынған. Атап айтқанда Елордада карантин аймағындағы блок-бекеттердегі рұқсат режимі, жасалған шектеулерді сақтауға қатысты тұрғындар сауалдарын қоюда, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі сәтте call-орталыққа 200-ден астам қоңырау түскен. Негізінен тұрғындар Нұр-Сұлтан және Омбы қалаларына кіру яки шығу, карантин аймағында орналасқан шағын елдімекендер арқылы өту жайында болды. Ал кәсіпкерлерді тауарларды тасымалдау және жеткізу мәселелері толғандырған.

Естеріңізге сала кетейік осы жылдың 19 наурызынан бастап ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша Ақмола облысының автожолдарында барлық бағытта 30 шақырым радиуста 15 бірдей блок-бекеттер қойылған.

Полиция 8-716-2-29-90-31, 8-708-444-54-18 телефондарымен тәулік бойынша жедел желіде полиция қызметкерлері кеңес беретінін ал 109 нөмірінде тәулік бойына денсаулық сақтау, әлеуметтік сала және коронавирустың алдын алу сұрақтары бойынша кеңес алуға болатынын хабарлайды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зерендіде Ақмола облысының волонтерлер лагері өтті

Зеренді ауданында «CHANGEMAKER CAMP: «Өзгеріс өзіңнен басталады» атты Ақмола облысы волонтерлерінің лагері өтті. «Парус» демалыс базасында облыстың қала-аудандарынан келген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика