spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
16.2 C
Kokshetau

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының аумағына кімдер кіре алады?

Сондай-ақ...оқыңыз

19 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап енгізілетін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумағына адамдардың кіріп-шығуын шектеу келесі санаттағы тұлғалар үшін қолданылмайды:
– бұған дейін қаладан шығып кеткен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары қалаға оралған жағдайда;
– бұған дейін қалаға кірген басқа өңірлердің тұрғындары қаладан шығатын болса;
– бұған дейін шетелдерге шығып кеткен ҚР азаматтары (олар Қазақстан Республикасына оралған жағдайда);
– бұған дейін елден шығу үшін ҚР аумағына кірген және елден шығып кету мақсатында әуе көлігімен шығатын шетелдіктерге;
– шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар), Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға;
– бұған дейін шетел мемлекетінің аумағына шығып кеткен ҚР азаматтары Қазақстан Республикасына оралған жағдайда;
– емделу үшін шетелге шығатын ҚР азаматтарына, олардың денсаулық сақтау мекемелерінің растаушы құжаттары болған жағдайда;
– елдің және шетел мемлекеттерінің дипломатиялық қызметінің персоналы және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстанға ҚР Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша бағыт алған шетел мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың делегация мүшелеріне;
– пойыз және локоматив бригадаларының мүшелеріне, сондай-ақ теміржол тасымалы процесіне қатысатын тұлғаларға, әуе, теңіз көліктерінің экипажына, халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүк автокөлігі құралдарының жүргізушілеріне;
– Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып саналатын шетелдіктерге (туыстық байланыс фактісі – ері (зайыбы), олардың ата-аналары мен балалары екені расталған жағдайда);
– Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмыс істейтін, қала маңы аумақтарында тұратын тұрғындарға;
– әуе және темір жол транзиті қатынасымен жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына;
басқа да ерекше жағдайларда, мұндай жағдайлар COVID-19-бен күресу жөніндегі қалалық штабтарда дербес тәртіпте қаралады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img