spot_img
Жұма, Желтоқсан 12, 2025
-11.8 C
Kokshetau

Көкшетау қаласында IT мектеп-лицейіне Әл-Фарабидің есімі беріледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл туралы «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы» атты ғылыми-практикалық конференцияда өңір басшысы Ермек Маржықпаев атап өтті,-деп хабарлайды Aqmola news ақпарат агенттігі.

Конференцияның мақсаты шығыстанушы ғалымдардың, әл-фарабитанушылардың зерделеген еңбектерін оқырман қауымға таныстыру. Осы орайда, облысымызда ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Қазақстан халқы үшін биылғы жыл ерекше болары анық. Себебі, Әл-Фарабидің 1 150 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде ЮНЕСКО аясында аталып өтеді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы ғалымдар ұлы ойшылдың шығармашылығын зерттеу бойынша өз жұмыстарымен және ұсыныстарымен бөлісе алады.

Бұдан бөлек, өңірімізде маусым айында Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Фараб-Отырар өркениеті» археологиялық көрмесін ұйымдастыру жоспарланған.
Жалпы, жыл бойы мәдениет, білім салаларында Түркітілдес елдер Түркия, Өзбекстан Республикаларының кітапханаларымен онлайн түрде телемост жүргізіліп, ғылыми-практикалық конференциялар, музей сабақтары мен лекциялар, дөңгелек үстелдер, әр түрлі санаттағы аудитория үшін көрмелер ұйымдастырылатын болады.

Айта кеткен жөн, ұлы ойшылдың есімі Шымкент қаласындағы мәдениет және Алматыдағы Қазақ ұлттық университетіне берілген. Алматы, Түркістан қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ал Ақмола облысында 14 көшеге Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі берілген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика