spot_img
Дүйсенбі, Шілде 6, 2026
24.6 C
Kokshetau

Коронавирус: Дзюдодан олимпиадалық іріктеу турнирлері уақытша тоқтатылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Коронавирус эпидемиясына байланысты дзюдодан өтетін барлық олимпиадалық іріктеу турнирлері уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтар болсақ, IJF күнтізбесіндегі 30 сәуірге дейінгі Олимпиадалық лицензиялық турнирлер кейінге қалды. Бұл туралы халықаралық дзюдо федерациясы ресми түрде мәлім етті. Кейінге қалған жарыстар қатарында Екатеринбургтегі (Ресей) Grand Slam, Тбилиси (Грузия) мен Анталиядағы (Түркия) Гран При турнирлері бар. IJF ережесіне сәйкес, Grand Slam жарысында жеңімпаздарға 1000 ұпай берілсе, екінші орын жеңіп алған татами шеберіне 700 ұпай, ал үшінші орын алған балуанға 500 ұпайдан берілесе, Гран При кезеңінде жеңімпаздарға әлем рейтингінде 700 ұпайға, күміс жүлдегерге 490, қола жүлдегерге 350 ұпайдан қосылады. Осылайша, дзюдошылар Олимпиада ойындарына әлемдік рейтингтегі ұпайларына қарай бара алады.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың жеке деректерін қорғауды мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде бекітті. Енді әр адамның жеке өмірінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика