spot_img
Сәрсенбі, Қазан 14, 2026
9.9 C
Kokshetau

Ұшақ апаты: Зардап шеккендердің денсаулық жағдайы белгілі болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының төрағасы Біржан Оспанов Өскемен маңында апатты жағдайда қонған ұшақ жолаушыларының денсаулығы жайлы айтты,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

 

«Бортта дәрігер, фельдшер және екі ұшқыш болған. Олар көмек көрсетуге бара жатқан, сондықтан ішінде науқас болмаған. Оқиғадан соң барлық төрт адам Өскемендегі №1 қалалық ауруханаға жеңіл жарақатпен жеткізілді», – дейді Біржан Оспанов берген сұхбатында.

Айта кетейік, Өскемен маңындағы Прапорщиково ауылында «Орлан 2000» жеке компаниясына тиесілі ұшақ апатты жағдайда қонды.

Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі мәліметіне сүйенсек, түскі сағат 12:50-де экипаж қозғалтқыш жұмысында ақау пайда болғанын хабарлаған. Әуе кемесінің командирі ұшақты Өскемен әуежайынан шамамен 1 жарым шақырым жерде қондыру жөнінде шешім қабылдаған.

Қазір Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасы апатты тергеу жұмыстарын бастады.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

1 800 шақырым, 59 ауыл, 5 мың жас: «Таза Qazaqstan» эстафетасы Ақмоладан басталды

Бірі жол жиегіндегі қоқысты жинаса, енді бірі ауыл тұрғындарының өтінішін тыңдап, тарихи орындарды вандализмнен қорғауға атсалысады.Бүгін 5 мыңға жуық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика